2015 жылы Қазақстан уран өндірісін арттырады - В.Школьник

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы уран өндіру көлемін арттырады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник мәлім етті.

«2014 жылы уран өндірісі 22,8 мың тоннаны құрап, оның көлемі 2013 жылғы деңгейге 109,5 пайызды қамтыды. Биылғы жылдың жоспары 24 мың тонна мөлшерінде»,- деді министр. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан үш мың тонна уранды атом стансалары үшін 300 тонна отын деңгейіне өңдей алады. Бұл көлем 15 атом электр стансаларын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар