2015 жылы кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер 350-ге дейін қысқармақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен кәсіпкерлікті жүргізуді жеңілдету шараларына қатысты жиын өтті.

Атап айтқанда, 2015 жылдың қаңтарынан бастап ҚР кәсікерлікті жүргізуді жеңілдету үшін бірқатар заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамаға сәйкес енгізілген тетіктерге қатысты түсініктеме берілді.

Жаңа заңнама туралы Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев баяндап өтті.

«2016 жылы Doing busines бойынша үздік 30 елдің қатарына енуіміз керек. Қазір 79 орында тұрмыз. Сол үшін заң қабылданды. Бұл заңнама өте қиын өтті. Мемлекеттік органдардың көпшілігі өз құзырын бергісі келмеді. Дегемен, олармен ымыраға келдік. Қазір әкімшілік рұқсат берулердің саны 708 ді құрады. Мемлекет басшысының бастамасымен тағы да олардың саның тағы да 50 пайызға азайту керектігі айтылды. Келесі жылдың шілдесіне дейін 350-ге жеткізу жоспарланып отыр»,- деді Б.Сағынтаев.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, заңды тұлғаларды тіркеу аясында «Электрондық үкімет» веб-порталында кіші және орта кәсіпкерлерге тіркеу мерзімі өтініш берген сәттен 1 сағат жұмыс күні ішінде тіркеледі.

Кіші және орта бизнес кәсіпкерлеріне олардың мемлекеттік тіркеулерінде занды тұлғаларға салынатын салық алымы алынып тасталды.

Жарғы капиталының міндеттемесі қысқартылды.

Заңды тұлғалар мөрінің жеке кәсіпкерлерге қойылуы алынып тасталды

Қазақстан аймағында заңды тұлғаларды тіркеуде жеке кіші кәсіпкерлік субьектілеріне хабарлама тәртібі қалыптастырылды. Тіркеу кезеңдегі жарғыны талап ету міндеттемелері, тіркеу мерзімдері және нотариатық куаландыру алынып тасталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіпкерл заңды тұлғаларды ашу үшін «Электронды Үкімет» веб-порталында БСН арқылы тек міндеттемені толтырып 1 сағат көлемінде Заңды тұлғалар статусы анықтамасын алуға болады.

Аталған өзгерістерге Сингапур тәжірибесі негіз болғанын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар