2015 жылы Индустрияландыру картасының аясында құны 600 млрд. теңге болатын 70 жоба іске қосылады - Ә.Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Индустрияландыру картасының аясында 600 млрд. теңгеге 70 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасының аясында 7 мың тұрақты жұмыс орнын құратын құны 600 млрд. теңгелік 70 жобаны іске қосу жоспарланып отыр», - деді Ә.Исекешев.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы құрылысы 2016-2018 жылдары аяқталатын шамамен 100 жобаның салынуы жалғастырылады.

Бұдан басқа, биыл құрылыс алаңдарында Индустрияландырудың барлық жобалары бойынша шамамен 45 мың адам жұмылдырылады.

Министр 2015 жылы экспорттаушыларды экспорттық және экспорт алдындағы несиелендіру жолымен қолдау үшін 35 млрд. теңге бөлінетінін атап өтті.

Ведомство басшысының мәліметтерінше, Индустрияландыру картасының аясында жобалардың 15 пайызы жүзеге аса бастаған, яғни 100-ден астам компания 1 млрд. АҚШ долларына тауар экспорттай бастаған.

Министр Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет жаңа нарықтарға, атап айтқанда, Орталық Азия, Кавказ, Иранға бағытталатын жаңа экспорттық бағдарламаны қабылдайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар