2015 жылы Ақтөбе облысында 10 инвестициялық жоба іске асырылмақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ҮИИДМБ алғашқы кезеңінде 2014 жылы жалпы сомасы 547 млн. теңге болған 74 нысан пайдалануға берілді. Соның ішінде 2014 жылы жалпы сомасы 220,5 млрд. теңгеге өндірістің өңдеу секторына жататын 7 жоба іске асырылған.

2014 жылы пайдалануға берілген ірі жобалардың арасында «СНПС-Ақтобемұнайгаз» АҚ-ның үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының 2-ші кезегі, «Ақтөбе Жылыжай» ЖШС-нің жылыжай кешені, «Қазжылуэнергомонтаж» ТС-нің фитингтер мен бұруларды өндіру зауыты, Ақтөбедегі «АРБЗ» ЖШС-нің рельс-арқалық зауыты және т.б. бар.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдарында аймақтағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 32,9 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі - 35,9 пайызға, соның ішінде тек 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 14,0 пайызға өскен.

МҮИИ ДБ-ның аясында енгізілген жаңа инвестициялық жобалардың үлесі 2014 жылы 15 пайызды немесе 181,8 млрд. теңгені құраған.

2014 жылы өңірдегі өнеркәсіптің жалпы құрылымындағы өңдеу саласының үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті.

2015 жылы өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу саласының үлесі 25-27 пайызға дейін, ал саладағы еңбек өнімділігі шамамен 40 мың АҚШ долларына жеткізіледі. Оған «ТНК «Қазхром» АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауыты, «АРБЗ» ЖШС-нің рельс-арқалық зауыты, «KazCopper» ЖШС-нің катод мыс шығару бойынша зауытының және тағы басқа бірқатар өндіріс нысандарының өндірісі септігін тигізбек.

2015 жылы Ақтөбе облысында 720 жұмыс орнын құратын 15 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарланған.

ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында (2015-2019 жылдар) жаңа технологияларды қолдану арқылы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғастырылады.

Соңғы жаңалықтар