2015 жылы 2,7 млн. тонна «Теңіз» күкірті экспортқа жіберілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Атырау облысындағы «Теңіз» және «Корольдік» кен орындарын игеріп отырған «Теңізшевройл» ЖШС 2,7 млн. тонна күкіртті экспортқа жіберді.

«ТШО 2015 жылы барлығы 2,7 млн. тонна күкіртті сатқан, бұл аталған кезеңде шығарылған 2,4 млн. тонна күкірттің 113 пайызын құрап отыр. Күкірттің тағы 300 тоннасы күкірт карталарында болған қалдықтардан шығарылған. ТШО жоғары сұрыптағы үш түрлі күкіртті Ресей, Украина және Қытайды қоса алғанда көптеген елдерге, сондай-ақ Жерорта теңізі бассейні мен Атлант Теңізінің жағалауындағы елдерге жіберген. Күкірттің бір бөлігі Қазақстанда сатылды», - деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар