2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7 пайызға артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі жыл сайын 7 пайызға артуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында осы ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарланды баспасөз қызметінен.

Министрдің сөзіне қарағанда, жыл сайын 380 мың ана және 700 мыңдай бала 5 түрлі жәрдемақы алады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7 пайызға артады. Ал 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі 7 пайызға көбейіп, ол 630 мың адамды қамтиды. Осылайша аталған жәрдемақылардың жалпы өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайызға жетеді.

«2017 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі күнкөріс деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда 34 пайызға артады. Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өседі», - деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар