2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ жаңа мазмұнының апробациясы басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа мазмұнының апробациясы басталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ҚР БҒМ басшысы Аслан Сәрінжіпов айтты.

"2015 жылдан бастап төменгі сыныптарда жаңа мазмұндағы апробацияларды бастаймыз. Орта буынға да жаңа элементтер енгізіледі. Біз мазмұн стандартындағы өзгерістер бағалау жүйесінде көрініс табады деп жоспарлап отырмыз. Нақты ұсыныстар жасалған кезде оларды Үкіметте қорғайтын боламыз. Сосын іс жүзінде жүзеге асырамыз", - деді ол.

Министрдің айтуынша, сынақ мерзімі бір жылды қамтиды. Сынаққа еліміз бойынша 30 мектеп қатысады. Ал 2016 жылы аталған жаңа стандарттар іс жүзінде білім жүйесіне енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар