2015 жылға қарай еліміздің әуе компаниялары отандық ұшқыштармен 100 пайызға қамтамасыз етілмек

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2015 жылға қарай еліміздің әуе компаниялары отандық ұшқыштармен 100 пайызға қамтамасыз етілмек.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация саласында жоғары білікті мамандар жетіспейтініне тоқталған Ә. Құсайынов, «осыған байланысты министрліктің бастамасымен саладағы алдыңғы қатарлы әуе кәсіпорындарымен кадрларды оқытудың бағдарламасы әзірленді. 2015 жылға қарай ұшу құрамын отандық ұшқыштармен 100 пайызға қамтамасыз ету жоспарланып отыр», деді.

«Жалпы елімізде көлік-коммуникациялық кешені үшін мамандарды даярлайтын 69 оқу орны бар. Өткен жылы көлік жүйесі кешенінде даярлықтан өтіп, біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 7 мың 792 адамды құрады»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар