2015 жылдың күзінде Алматы мен Минск арасындағы әуе рейстерінің саны көбейтілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Белавиа» әуе компаниясы 2015 жылдың күзінде Минск және Алматы қалаларының арасындағы ұшуларды орындау жиілігін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне берген сұхбатында «Белавиа» ААҚ бас директорының маркетинг және сыртқыэкономикалық қызметі бойынша орынбасары Игорь Чергинец хабарлады.

«Қысқы кестеге Алматымен тағы бір жиілік қосылады. Бұл бағдар бойынша айтарлықтай транзиттік ағын атап өтіледі. Қазіргі кезде бұл қалаға біздің 189 орынға арналған ең үлкен ұшақтарымыз - Boeing 737-800 ұшып жүр. Ұшақтар екі бағытта да дерлік толық жүктеледі, бұл ретте көбін трансферттік жолаушылар құрап отыр», - деді бас директордың орынбасары.

Бұрын хабарланғандай, «Белавиа» Минск және Алматы арасындағы әуе қатынасын 29 сәуір күні ашқан. Рейстің ашылуы компанияның басқа рейстерімен салыстырғанда ұзақ қашықтыққа ұша алатын және сыйымдылығы үлкен жаңа ұрпақтағы екі Boeing 737-800 ұшағын лизингке алуының арқасында мүмкін болды. Қазіргі кезде Алматы Халықаралық әуежайына ұшулар аптасына екі рет түнгі уақытта жүзеге асырылып жүр.

«Белавиа» Беларусьтің ірі әуе тасымалдаушысы , жетекші жүк тасымалдаушысы болып табылады. 2014 жылдың қаңтар айының соңында әуе компаниясы ашық акционерлік қоғам ретінде жұмыс істей бастады. Флотында 27 ұшақ бар әуе компаниясы Еуропа, ТМД және Азияның 27 елінің 47 әуежайына жеке тұрақты рейстерін орындап жүр. Өткен жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемі 1 млн. 972,7 мың жолаушыдан асты (2013 жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға көп). 1997 жылдан бастап «Белавиа» - Халықаралық әуе көліктері қауымдастығының (IATA), ал 2010 жылдан бері - Еуропалық аймақтық әуе компаниялары қауымдастығының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар