2015 жылдан бастап ҰБТ екі кезеңмен өтеді - Білім министрі

None
None
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат 2015 жылдан бастап елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңмен жүзеге асатын болады.

Бүгін БАҚ өкілдеріне ҰБТ нәтижесі бойынша эксклюзивті сұхбат берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.

«Шындығында да, біз 2015 жылға қарай тестілеу екі кезеңде: мектеп бітірушіні бағалауға қатысты тестілеу және жоғары оқу орындарына түсуі үшін кешенді тестілеу болып өтетіні жоспарлануда. Бұл ең алдымен 2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшумен байланысты болып табылады. Бұл бағытта бейіндік мектептер қарастырылады. Ондай мектептерде біз 11-12 сыныптарда балаларды жоғары оқу орындарына түсуге бағдарды қамтамасыз етеміз. Ал олар үшін жоғары оқу орындарын таңдау міндетті болмақ. Сондықтан да біз шектеуді алып тастамаймыз», - деді Б. Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы жылдардағы ескертулер аясында бұндай екі кезеңдік тестілеу әділ болып табылады. «Бұл ретте мектепті бітіріп, жоғары оқуға ұмтылмайтындар үшін тестілеу екі кезеңге бөлінеді. Алда бір жыл бар. Қазір сынақ ретінде мектептерден өткізу қарастырылып жатыр», - деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар