2015 жыл мемлекеттік этносаясатты жетілдіруде айқын бағдар болмақ - Динар Нөкетаева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылы мемлекеттік этносаясатты одан әрі жетілдіру және Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі негізгі міндеттерді айқындап берді. Бұл біздің айқын бағдарымыз болмақ. Осындай ойымен Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Динар Нөкетаева бөлісті.

«Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты шарты еткен Ассамблеяға - 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд» ретінде танылды», - деді ол.

Ректор атап өткендей, бүгінде Елбасының этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісіне әлем назарын аударып, оны тынбай зерттеп келеді. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 56 мемлекеттің тіліне аударылды.

«Береке басы - бірлікте» деген қазақ халқы. Қазіргі Қазақстан қоғамының жаңару жолымен тиімді дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық түсіністікке байланысты. Осы маңызды рухани факторды жүзеге асыруда тікелей қызмет істейтін ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты - көпұлтты мемлекетімізді өзара татулық, әлеуметтік келісім, дінаралық түсіністік және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы елімізде тарихи жылға айналмақ. Бұл жыл мемлекеттік деңгейде маңызы зор мерейтойларға толы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» деп ерекше атап көрсетті. Бұл жыл Жаңа қазақстандық патриотизм моделін нығайтатын, ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөлге ие болатын жыл болмақ», - деді Д.Нөкетаева.

Оқу ордасы басшысының айтуынша, қазір университетте тек қазақ ұлтының ғана емес, қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тәжік, күрд, орыс, украин, кәріс секілді көптеген ұлттың қыздары білім алып келеді.

Соңғы жаңалықтар