+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қалай орындалуда

2021 жылғы 14 сәуір 09:14
Бөлісіңіз:
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қалай орындалуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда субұрқақтар құрылысын жүргізген мердігерді тексеру жүргізілуде Степногорскіде шенеуніктер төрт рет бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған Ауыл мектебінің есепшісі мен ұстазы 25 млн-нан астам теңгені жымқырған - Павлодар облысы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың қорытындысы бойынша орындалуына жүргізілген мониторинг және бағалау туралы ақпаратты жариялады.

2020 жылы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 27 іс-шараны іске асырды. Аталған жоспар 2018 жылы 31 мамырдағы № 309 Үкімет қаулысымен бекітілген.

Мысалы, жоспар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту бөлігінде Агенттік 2020 жылғы 20 ақпанда Президент Әкімшілігіне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар жіберді.

Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті қорғау мақсатында Агенттік кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқаны, заңсыз ұстағаны және өзге де бұзушылықтар үшін жазалау мерзімдерін ұлғайту жөнінде бірқатар ұсыныстар бергенін атап өткен жөн.

Осыған ұқсас ұстанымды ҚР Бас прокуратурасы білдірді, оны барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Соты қолдады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар Іс-шаралар жоспарының тек бір тармағын іске асыру нәтижелері бойынша ғана қабылданды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы толық ақпаратпен агенттіктің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT