2014 жылы жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 15 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 15 пайызға төмендеді. Бірақ ең қауіпті Алматы қаласының жолдары болып отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша мәліметінде айтылған.

Жалпы республикада 2014 жылдың 11 айында 18 526 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Елді мекендерде -14 859, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда - 1685, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 960 жол-көлік оқиғалары болған.

«Ең қауіпті Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда адамдардың опат болуына және жарақат алуына алып келген 5 167 ЖКО болды, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 108, Алматы облысында-1 676, Шығыс Қазақстан облысында-1 322 және Жамбыл облысында 1159 ЖКО орын алды», - делінген комитет мәліметінде.

Аталған оқиғаларда 26 620 көлік құралдары болған, оның ішінде 23 214-і жеңіл автокөліктер, соның 1 061-і оң рульді автокөліктер. Мұнымен қоса оның арасында жол-көлік оқиғаларына 974 автобус пен 854 жүк көліктері қатысқан.

Бұрынғыша ЖКО көбінесе жол жүргізу ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен (17 191) болып отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ЖКО саны 14 пайызға, ондағы қаза болған адамдардың саны 15 пайызға төмендегенін атап өту қажет.

Соңғы жаңалықтар