2014 жылы СҚО-да 116 спорттық нысан ашылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың ішінде спорт ғимараттары 116 жаңа нысанмен толықты. Бұл туралы СҚО-ның денешынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Аймақта барлығы 2 393 спорттық құрылыс бар, соның ішінде 1914-і ауылдарда орналасқан. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасы бойынша, 2014 жылы СҚО-да шағын футбол үшін 15 алаң мен 81 хоккей корты салынды.

Өткен жылдың соңында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 25 метрлік бассейн пайдалануға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Петропавл қаласының «Жас өркен» шағынауданында мұз аренасы мен жеңілатлетика манежі бар Спорт сарайының құрылысы жалғасуда. Болашақ спорттық құрылыстың жалпы аумағы 14853 шаршы метрді құрайды.

Құрылыс жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млрд. теңгеден астам қаражатқа салынуда.

Соңғы жаңалықтар