2014 жылы салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млрд. теңгеден асты - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр 3 миллион 326 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясының негізгі қағидалары туралы» атты брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

Барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың негізгі үлесін полиция қызметкерлері анықтайтындығына тоқталған комитет басшысы: «Атап айтқанда, өткен жылы біз 3 миллион 326 мың әкімшілік құқық бұзушылықты анықтадық, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, жол қозғалысы ережесі саласында тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық 2 млн. 321 мыңға жетті. Бұл бағытта да өсім 24 пайызды құрады.

«Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млрд. 42 млн. теңгені қамтыды. Оның ішінде жол ережесін бұзғаны үшін 21 млрд. 672 млн. теңгені құрады», - деді И.Лепеха.

Соңғы жаңалықтар