2014 жылы еліміздегі өндірілген алтынның көлемі 70 тоннаға жетеді -Әсет Исекешев

None
None
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2014 жылы еліміздегі өндірілген алтынның көлемі 70 тоннаға жетеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы ІІ тау-кен өнеркәсіптік форумы және ЭКСПО «Майнекс Орталық Азия - 2011» шарасында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Алғашқы 5 жылдықтағы біздің мақсат - алтын өндіру көлемін 70 тоннадан асыру. Осы орайда Қазақстан бұл саладағы маңызды ойыншылардың бірі болады»,-деді Ә. Исекешев.

Осы орайда ол бұл бағытта негізгі базалық жобалар анықталғанын жеткізді. Әр жоба бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталған ол, 2014 жылға қарай алтын өндірісі 70 тоннаға жететінін атап өтті.

Ә. Исекешевтің айтуынша, 2010 жылы алтын өндірісі 29,9 тоннаны құрады.

Соңғы жаңалықтар