2014 жылы Алматыда 2782 адам сотталып, 33-і ақталып шықты
2015 жылғы 2 ақпан 11:47

2014 жылы Алматыда 2782 адам сотталып, 33-і ақталып шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық соты өткен жылды қорытындылады. ҚР Жоғарғы Сот жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі Департаменттің басшысы И.Испановтың қатысуымен өткен жиында Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай баяндама жасады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

2014 жылы 78470 азаматтық, 4223 қылмыстық, 34965 әкімшілік іс соттың қарауынан өтті.

Қаралған істер бойынша 2 782 адам жазаға кесілсе, 33 адам ақталған. 1639 адамның жағдайына байланысты сот қарауы тоқтатылды, 21 адамға медициналық көмек шаралары қолданылды.

«Жаза кесілгендерге қалалық соттар тарапынан мынадай жазалау шаралары қолданылды: 1 229 адам бас бостандығынан айырылды, 135 адамға айыппұл салынып, 84 адам қоғамдық жұмысқа тартылған, 856 адамның бостандығы шектелді. 406 адам шартты түрде сотталды. ҚР ҚК 65-69 б.б. бойынша - 65 адам, ҚР «Рақымшылық туралы» Заңын қолдану арқылы 3 адам жазадан босатылды», - деді ол.

Қуандық Ешіметтің айтуынша, қалалық сотт қаралатын істер саны жылдан-жылға артып келеді.

«Қаралатын істердің саны жылдан-жылға артып жатқаны азаматтардың сот жүйесіне сенімдерінің артқанын көруге болады. ҚР «Медиация туралы» Заңының нормалары жиі қолданылады және істерді қарау үшін кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тартылып тұрады. 2014 жылы медиация тәртібімен 381 іс, оның ішінде 174 қылмыстық, 207 азаматтық (2013 жылы 15 іс, оның ішінде 4 қылмыстық, 11 азаматтық істер қаралған) істер қаралды. Мамандандырылған ауданаралық соттарда алқа билердің қатысуымен 13 адамға қатысты 5 іс қаралды», - деді Қ.Ешімет.

2742354 2742354

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT