2014 жылы Алматыда 20 мыңға жуық отбасы баспаналы болды - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Алматы қаласында 20 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Бұл туралы А.Есімов 2014 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қорытындылау кездесуінде мәлім етті.

«Өткен жылы 20 мыңға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 пайызға артық. Бұл тіпті, Кеңестік кездегі құрылыстан 2 есе артық. «Ескі баспана» бағдарламасы аясында да Түрксіб ауданында тұрып жатқан 417 отбасы жаңа баспанаға көшті. Биыл 27 үй аталған бағдарлама бойынша пайдалануға беріледі», - деді қала әкімі. Алматыда мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 169 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. 3 мыңға жуық отбасы немесе 6,5 мыңнан астам адам баспаналы болды. Жалпы, мемлекет есебінен соңғы 5 жылда 7,7 мың отбасы үшін шамамен 492 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Соңғы жаңалықтар