2014 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 7,1 триллион теңгені құрады - Б. Сұлтанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу сомасы былтыр 28 пайызға, ал бұзушылықтар анықталған процедуралар көрсеткіші 31 пайызға азайды.

Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді.

«Былтырғы жылы барлық сыртқы үрдістерге қарамастан бюджет теңестірілді. Оның түсімі 6,0 трлн. теңгені, шығыстары - 7,1 трлн. теңгені және тапшылықты қаржыландыру - 1 081 млрд. теңгені құрады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, бюджетті орындаудың жақсы жақтарына тоқталған министр мемлекеттік сатып алуды жеделдету шаралары болғанын атап өтеді. Оның айтуынша, бюджет қаражатының игерілмей қалуының бір себебі - мемлекеттік сатып алулардың уақтылы өткізілмеуі.

«Былтыр осы бағыттағы заңнаманың жетілдірілген нормалары қолданысқа енді. Соған орай, 2014 жылы бюджет әкімшілері сатып алуларды жаңа форматта жүзеге асырды. Көптеген олқылықтар жойылып, мемлекеттік сатып алу комитеті құрылды. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі жыл соңына дейін жалғаспай, алғашқы жартыжылдықта-ақ орындалды. Бұдан бөлек, сатып алуларға қатысатындар саны күрт артты. Бұл бәсекелестікті тудырып, бюджет қаражатының үнемделуіне септігін тигізді. Шартты үнемдеу сомасы 49,2 млрд теңгені құрап отыр», - деді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар