2014 жылғы қазандағы халықтың ақшалай табыстары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қазандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 61 182 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,7 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстар 0,1 пайызға өсті.

«2014 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2-1,8 есеге артық», - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.

2014 жылғы қазанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 22-38 пайызға төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау облысы мен Астана қаласында белгіленді.

2014 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,5 есені құрады.

Соңғы жаңалықтар