2014 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Лиссабонның «Да Луж» стадионында өтетін болды

None
None
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Ыстамбұлда  өткен УЕФА-ның алқа жиынында 2014 жылы Чемпиондар лигасы мен Еуропа Лигасының ақтық ойындарын қабылдайтын қалалар аталды.

«Аламан» порталының мәліметінше, Кәрі құрлықтағы ең күшті клубтық турнирдің финалы Лиссабонның «Да Луж» стадионында өтетін болды. Ал Еуропа Лигасының финалы «Ювентустың» жаңа аренасында өткізіледі деп жоспарлануда. Жиын барысында тағы көптеген мәселелер шешіліп, 2015 жылы U-21 Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел белгіленді. 2015 жылы Еуропаның жастар біріншілігін Чехия мемлекеті өткізеді.

Соңғы жаңалықтар