2014 жылға қарай ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3,9% ұлғаюы күтіледі - Б. Сұлтанов

None
None
күйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -2010 жылдан бастап жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 2,4 пайыздан 2014 жылға қарай 3,9 пайызға артады деп күтілуде.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсынылған мәліметтерге қарағанда, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2010-2012 жылдары 3,3-4 пайызды құрайды деп болжануда. Сонымен бірге, өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 2010-2012 жылдары 3,3 пайызға болжанады. Ал тау-кен өндіру секілді өңдеу секторындағы өндіріс көлемінің ұлғаюы да өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне әсер ететін болады. «Сонымен бірге, орта мерзімді кезеңде нақты сектордағы өсу және көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы экономиканың да өсуіне өз ықпалын тигізетін болады», деді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар