2014 жылдан бастап Кеден одағы аясындағы мемлекеттік сатып алуларға теңдей қол жеткізу енгізіледі

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2014 жылдан бастап Кеден одағы аясындағы мемлекеттік сатып алуларға теңдей қол жеткізу енгізіледі.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов осылай мәлім етті. Еске салсақ, Үкімет отырысында тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланған болатын.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының айтуынша, Қазақстан нарығына еркін енгеннен соң ірі шетелдік компаниялар тарапынан бәсекеге қарсы әрекеттер, картельдік келісімдер мен адал емес іс тәжірибелер көрініс беруі әбден мүмкін. Ондай құбылыстардың жағымсыз салдары да болуы ықтимал.

«Ал мұндай жағдайда еліміздің монополияға қарсы органы бақылау жасау құзыретіне ие емес екенін еске салғым келеді. Сондықтан да, картельдермен, сатып алуларды жүзеге асыру барысындағы сауда мәмілелерімен күресті күшейту қажет деп есептейміз. Бұл үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігіне, оның ішінде мемлекеттік сатып алу, сауда-саттық, аукциондар рәсімін бақылауды жүзеге асыру функцияларын беру мәселесі шешімін тапса игі», - дейді Болатбек Қуандықов.

Соңғы жаңалықтар