2013-2014 жылдары еліміздің ішкі нарығы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етіледі

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2013-2014 жылдары еліміздің ішкі нарығы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Ішкі нарықтағы мұнай өнімдері мәселесіне тоқталған министр, бүгінде еліміз шикі мұнаймен қатар мұнай өнімдерін де импорттайтынын айтып өтті. Мәселен, авиакеросиннің импорттық тасымалы пайдалану көлемінің 33 пайызын құрайды. Жоғары октанды бензин бойынша тасымал 40 пайызға жетіп отыр. «Бұл біздің мұнай өңдеу зауыттарының қуаты мен технологиялық деңгейінің жетіспеушілігіне байланысты. Осыған сәйкес биылғы жылы еліміздің 3 зауыты  4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаржыға жетілдіруге қатысты кешенді бағдарлама қабылдады. Оны жүзеге асыру нәтижесінде 2013-2014 жылдары біз ішкі нарықты мотор майларынан өзге мұнай өнімдерінің барлық түрлерімен 100 пайызға қамтамасыз етеміз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар