2012 жылы Батыс Қазақстан облысында 165 шақырым жол жөндеуден өтеді

None
None
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Таяуда ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болып, Өңірдің көлік-коммуникация кешенін дамытудың іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бұл ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен бірге өңірдің көлік жүйесін жетілдіру мақсатында шешім қабылдап отырған бесінші облыс.

 2012 жылы облыстағы  республикалық маңызы бар автожол желісіне 3 449,5 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға 165 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ағымдағы жылдың жаз мезгілінде Орал - Ақтөбе автожолының (275-298 шақырымы) 23 шақырымды құрайтын учаскесі қолданысқа беріледі. Жақын уақытта аталған автожолдың (298-330 км) келесі учаскесін қайта салу үшін тендер жарияланатын болады.

 Жергілікті   желілерге республикалық бюджеттен 1 442 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға Жымпиты - Қаратөбе, Ақсай - Шыңғырлау, Чапаев - Жанқала - Сайхын, Алғай - Жалпақтал - Жұлдыз - Қарасу автожолдарын қайта салу, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 Қол қойылған жоспар аясында Жолаушылар тасымалы мен   автовокзалдар мен автостанцияларды дамыту, таксомотор тасымалын ұйымдастырудың өңірлік бағдарламасын дайындау және қабылдау жоспарланған. Өңірдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, жоспарда жалпы қолданыстағы автожолдардың бұзылуына және үлкен жүк көліктерімен инертті материалдарды, жүктерді тасымалдауда рұқсат етілген салмақ параметрлерін бұзуға жол бермеуді бақылауға алу шаралары да нақты көрсетілген. Сонымен бірге,  ішкі су көлігі арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру, ХҚКО қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін берумен айналысатын мамандандырылған ХҚКО мен мобильді ХҚКО  қызметін дамыту бойынша шаралар қабылдау қарастырылған.

 Бұл аспектілердің барлығы да қол қойылған жоспарда көрсетілген. Жоспардың басты мақсаты ортақ жобаларды жүзеге асыруда екіжақты, бірігіп әрекет ету болып табылады.

 Батыс Қазақстан облысына жасаған іс-сапарының аясында министр «Орал-Ақтөбе» автожолын қайта салу жұмыстарына тартылған «Пилон-МС», «Атырау жолдары», «Юнисерв» ЖШС -нің алдағы құрылыс маусымына дайындық барысының деңгейімен танысты. Орал қаласының ХҚКО-да, «Батыс» көліктік бақылау комитетінің аймақаралық инспекциясының бөлімшесінде, «НацЭкС» АҚ-ның көліктік бақылау орталығында және автовокзалда болды.

Соңғы жаңалықтар