2012 жылы «Астана қаласы -Түркі мәдениетінің елордасы» шараларына белсеңді қатысуға шақырды

None
None
СТАМБҰЛ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Жуырда Ашхабад қаласының «Оғызхан» мәдени орталығында Түркіменстан Президенті Г.Бердімұхаммедов «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновті қабылдады.

Аталған кездесуде «ТҮРКІСОЙ» қызметіндегі Түркіменстанның белсеңділігін арттыру қажеттілігі мен сондай-ақ Түркіменстандағы «ТҮРКІСОЙ» ұйымының қызмет аясын кеңейту жөнінде сөз болды.

Г.Бердімұхаммедов Түркіменстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі, ол мәдени қатынастарды нығайтып, одан әрі дамыту екендігін баса айтты.

Түркіменстан Президенті және «ТҮРКІСОЙ» ұйымыныңБас хатшысы түбі бір түркі халықтары үшін біріктіруші рөл атқаратын және дүниежүзі мәдениет аренасында ортақ түркі мәдениетінің интеграциясын қолдайтын қызмет аясында табысты ынтымақтастықтың жалғасатындығына сенім білдірді.

Сонымен қатар іссапар барысында Д.Қасейінов Түркіменстан Мәдениет министрі Г.Мұрадовпен кездесіп, 2012 жылы «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымының қызметі мен атқарылатын жұмыстарын талқылады.

Сондай-ақ, Түркіменстан Мәдениет министрлігін 2012 жылы «Астана қаласы - Түркі мәдениетінің елордасы» шараларына белсеңді қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар