2011 жылы Түркия экспорттан рекорд орнатты

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/-  2011 жылы  Түркия экспорттан рекорд орнатты.  Экспорттың 18,17 пайызға өсу нәтижесінде, жылдық табыс 134,6 миллиард долларға жетті.

 Осылайша 2008-ші жылғы 132 миллиард долларлық рекорд жаңаланды. Түркия Экспортшылар мәжлісінің мәліметтеріне қарағанда,  желтоқсан айындағы экспорттың  4.5 пайызға өсуі нәтижесінде табыс 12,1 миллиард долларды құрады. Бұл соңғы 37 айдың ең жоғары экспорт айы болып тарихта қалды. 47 салада жасалған экспорттар рекордты жаңартып, 38 аймақ жоғары нәтиже көрсетті.

Түркия Экспортшылар мәжлісінің бастығы Мехмет Бүйікекші, «500 миллиард долларлық экспорт жоспарында жылына 12 пайызға ұлғаю көзделіп, 18,5 пайыздық нәтиже көрсетуі -  бұл мақсатымыздың 50 пайыздан асқанын көрсетеді»,- деді.

Соңғы жаңалықтар