2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізу алдымызда тұрған маңызды мақсаттардың бірі - Туризм және спорт министрлігі

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Азиадаға қатысу үшін кандидат 156 спортшы іріктелді.

 Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу кезінде Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазіргі кезде алдымызда тұрған маңызды мақсаттардың бірі-ол 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азия ойындарын өткізу»,-деді министр.  Алдағы қысқы Азия ойындарына 11 спорт түрлері бойынша дайындықтар жүріп жатқанына тоқталған ол, Азиадаға қатысу үшін кандидат 156 спортшы іріктелінгенін, сондай-ақ ұлттық құрама командалармен жұмыс істеу үшін 9 шетелдік жаттықтырушы мен кеңесшілер шақырылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, олимпиадалық спорт түрлерінен республикада Жоғары спорт шеберлігінің 8 мектебі, олимпиадалық резервтерді даярлаудың 17 орталығы, сондай-ақ  олимпиадалық дайындықтың 7 республикалық орталығы және спорттағы дарынды балаларға арналған 15 мектеп-интернаттар жұмыс істейді.

«Ұлттық құраманың табысты шығуы мен жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізуі мақсатында Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлер анықталды»,-деді министр.

Оның айтуынша, сонымен бірге материалдық-техникалық базаны дамыту бойынша жедел шаралар қабылданған және спортшылар мен жаттықтырушыларды материалдық жағынан ынталандыру мәселелері шешілді.

Атап айтқанда, Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларға төленетін біржолғы материалдық ақының көлемі өсті. Алтын медаль иегері мен онық жаттықтырушысы 250 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегер мен оның жаттықтырушысы 150  мың АҚШ доллары, сондай-ақ қола жүлде бойынша 75 мың АҚШ доллары сыйақы алады.

Соңғы жаңалықтар