2011 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 7 пайыз болады - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қ. Келімбетов

None
None
АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Экономикалық даму және сауда министрлігінің болжауынша, 2011 жылы еліміз экономикасының өсімі 7 пайыз деңгейінде болмақ.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, әлемдік тауар нарығындағы оң коньюктураны және бірінші тоқсандағы экономиканың жұмыс істеу нәтижелерін ескере отырып, министрлік ағымдағы жылы экономиканың 7 пайыздық өсімге қол жеткізуі мүмкін деп есептейді.

Алдын ала бағамдар бойынша, тауар өндірісі 5,3 пайызға және қызмет көрсету 8,2 пайызға өсуі мүмкін.

Осы орайда Қ. Келімбетов елімізде инвестициялық және іскерлік белсенділікті көтеруде банктердің несиелік белсенділігін қалпына келтіру керектігін айтты, сондай-ақ ол дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету керектігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар