2011 жылғы қаңтар-қарашадағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны - 144 789

None
None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде 2011 жылғы қаңтар-қарашадағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 144 789-ды құрады.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтері бойынша 2011 жылғы қараша айының өзінде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14 922-ні құрады. Бұл осының алдындағы аймен салыстырғанда 5,8 пайызға аз көрсеткіш. Ал 2011 жылғы қаңтар-қарашадағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,9 пайызға өсті.

Сонымен қатар, агенттік мәліметтеріне қарағанда, қараша айындағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілерінің ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп, бұл 1763-ті құрады. Ал Алматы қаласындағы мәмілелер саны - 1729, Астана қаласы бойынша 1538-ді құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар