2011 жылдағы қысқы Азия ойындарында хоккейден өтетін жарыстар екі топқа бөлінетін болады

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылдағы Қазақстандағы қысқы Азия ойындарда хоккейден өтетін жарыстар екі топқа бөлінетін болады.

Бүгін Астанада Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Үйлестіру кеңесі отырысына қатысушылар осылай ұйғарым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АОК-тің шетелдік делегациясының ұсынысы бойынша қысқы Азия ойындарындағы хоккей жарыстары екі дивизионға бөлінетін болады. Бірінші топқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Қытай құрамалары секілді бұл спорттағы мықты командалар кіреді. Ал қалған құрамалар екінші топқа енгізіледі.

  «Біз бұл жарыстарды екі топқа бөлуге және екінші дивизиондағы командаларға қосымша медальдар беруге келісеміз. Алайда, бірінші орын екінші топта анықталмайтын болады. Бұл объективті болмас еді. Яғни, бір ғана алтын медаль тағайындалады», деді ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар