2010 жылы инфляция деңгейі 7,5-8 пайызға болжанады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Инфляция деңгейі 2010 жылы 7,5-8 пайызда болса, 2014 жылға қарай 7 пайызға дейін төмендеуі болжануда.

Бүгін «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, алдағы жылдары өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюы құрылыс және қызмет көрсету көлемінің өсуіне ықпал етеді. Атап айтқанда, құрылыс көлемі қарқыны өсімінің 2010 жылы 1,0 пайыздан 2012 жылы 2,5 пайызға дейін, қызмет көрсету көлемінің тиісінше - 2,0 пайыздан 2,8 пайызға дейін ұлғаюы болжануда. Әлемдік сұраныстың және қазақстандық экспорттың негізгі тауарлық құрамдас бөліктеріне әлемдік баға деңгейінің жоғарылауы және экономиканың өсу қарқынының ұлғаюы экспорт пен импорт көлемінің артуына ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар