2010 жылы Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруға 593 млрд. теңге қарастырылып отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2010 жылғы республикалық бюджеттен Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларын жүзеге асыруға 593 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер,

қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқылау барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Лена Кармазина мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылға республикалық бюджет шығыстарын ағымдағы жылмен салыстырғанда 593 млрд. теңгеге арттыру Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты болып табылады. Бұндағы негізгі іс-шаралар жұртшылықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, жұмыссыздықтың өсіп кетуінің алдын алуға бағытталып отыр. Сонымен бірге, Елбасының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға да қаражаттар көзделіп отыр», деді Л. Кармазина. Оның айтуынша, заң жобасында жұмысы басталған әлеуметтік құрылыс нысандарына қаражаттар қарастырылып, оларды уақытылы іске қосу шаралары көзделген. Ал жаңа нысандарға қаражат бөлу шаралары кейінге қалдырылады.  Бұның өзі алдағы үш жылда  бюджет тапшылығының ауқымды болуымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, 2010-2012 жылдарға бюджет тапшылығы жыл сайын 700 млрд. теңге шамасында болжанады. 

Соңғы жаңалықтар