2010 жылы екпін көлік-коммуникация кешеніне түседі - ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов

None
None
;АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы екпін көлік-коммуникация кешеніне түседі. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, жалпы көлік-коммуникациялық кешенде 2010 жылы еліміздің бұдан әрі дамуында елеулі ілгерілеушілік жасау үшін барлық объективті мүмкіндіктер бар», деді Премьер-Министр.

Осы саланы дамыту басты бағыттардың бірі екеніне тоқталған К. Мәсімов «2010 жылы екпін көлік-коммуникациялық кешеніне қойылады. Атап айтқанда, индустрия енді ғана даму үдерісін бастады. Яғни, жаңа кәсіпорындар даму жолына түсуде. Ал көлік саласында барлығы дайын. Сіздер 2009 жылы алдын ала жасалатын жұмыстарды атқардыңыздар. Сондықтан енді барлығы біте қайнасуы қажет.

Елбасы көлік кешенін дамытуға баса назар аударуда. Өткен жылы Президент әр облыстарда нысандардың құрылысының басталуына қатысты. Сондықтан осы көлік саласындағы нысандар уақытылы пайдаланылуға тапсырылуы шарт», деді.

Соңғы жаңалықтар