2010 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде жаңа материалдар мен технологияларды қолдану арқылы 104 млрд. теңге игеру жоспарланып отыр - министр Ә.Құсайынов

None
None
А. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Автокөлік жолдары саласында 2010 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде жаңа материалдар мен технологияларды қолдану арқылы 104 млрд. теңге игеру жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, биылғы жылы конкурстық рәсімдерді аяқтап, үш концессиялы жоба жұмыстарына кірісу қарастырылып отыр. Олар Алматы - Қорғас, Астана - Қарағанды, Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысы шекарасы жобалары.

Атап айтқанда құрылыс жұмыстарына 128 мың адамды тарту көзделіп отыр. А. Құсайыновтың сөзіне қарағанда су көлігі саласында қазақстандық жүктерді тасымалдау барысында отандық кеме компанияларының үлесін 65 пайызға дейін жеткізу, сондай-ақ мамандарын даярлау жүйесін құру жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Ал автомобиль көлігі саласында нормативті - құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық автотасымалдау бойынша Қазақстан аумағында сандық тахографтар жүйесін енгізу қарастырылған. Мұнымен қоса транзиттік әлеуетті дамыту аясында Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын қайта бағдарлау бойынша Ресей және Қытаймен келісімге келу, сондай-ақ 6 автокөлік халықаралық транзиттік дәліздерді одан әрі дамыту, Батыс-Шығыс бағыттарында жаңа темір жол желілерін салу, көлік-логистика орталықтарын дамыту шаралары жоспарға енгізілген.

Соңғы жаңалықтар