2010 жылы 134 жобаны аяқтау жоспарланып отыр, оның ішінде 78 жоба маусымның 1-іне дейін іске қосылмақ - Индустрия және сауда министрі Ә. Исекешев

None
None
А. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы 134 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрліктерден, ұлттық холдингтерден облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінен түскен мәліметтер бойынша 2010 жылы 134 жобаны тәмәмдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 78 жоба маусымның 1-іне дейін, сондай-ақ қалған 56 жоба жыл соңына дейін іске қосылмақ», деді министр. Оның айтуынша, аталған инвестициялық жобаларға 8 млрд. теңгеден астам инвестиция жұмсалмақ. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарына 16500 адам жұмылдырылған.

«134 жобаны іске қосу нәтижесінде 17 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары құрылмақ», деді Ә. Исекешев.

Министрдің сөзіне қарағанда екінші бағыттағы 51 жоба бойынша құрылыс жұмыстарын биылғы жылы бастау жоспарланып отыр. Бұған 100 мыңға жуық жұмысшы тартылмақ. («Батыс Еуропа-Батыс Қытай» - 50 мың, Газ химиялық кешені - 12 мың, Балқаш жылу электр стансысы - 8 мың, Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ - 4 мың). Аталған инвестициялық жобаларға 3,9 трлн. теңге инвестициялау қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар