2010 жылғы бюджеттен Көлік стратегиясын іске асыру шеңберінде 170,6 млрд. теңге қарастырылып отыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 19‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен Көлік стратегиясын іске асыру шеңберінде 170,6 млрд. теңге қарастырылып отыр. Үкіметтің Парламент қарауына ұсынған «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында осылай көрсетілген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюджет жобасында еліміздегі көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, оның ішінде Көлік стратегиясын іске асыру шеңберінде 2010 жылға - 170,6 млрд. теңге, 2011 жылға - 246,8 млрд. теңге,  2012 жылға - 274.7 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолы транзиттік дәлізін жаңартуға 2010 жылы - 110,3 млрд. теңге,  2011 жылы - 182, 2 млрд. теңге,  2012 жылы - 197, 6  млрд. теңге бөлу жоспарланған. Сонымен қатар, халықаралық транзиттік дәліздерді дамытуға 2010 жылы - 22,9 млрд. теңге,  2011 жылы - 16,6 млрд. теңге,  2012 жылы - 28  млрд. теңге қарастырылып отыр.

Бұдан басқа, жергілікті бюджеттерге көлік инфрақұрылымын дамытуға  2010 жылға - 15,3 млрд. теңге,  2011 жылға - 20,5  млрд. теңге,  2012 жылға - 17, 4  млрд. теңге  мақсатты трансферттер көзделеді.

Соңғы жаңалықтар