2010 жылғы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге 4,1 пайыз деңгейінде айқындалды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2010 жылғы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге 4,1 пайыз деңгейінде айқындалды.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюджет жобасына сәйкес, 2011 жылға қарай бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге 3,8 пайызды, ал 2012 жылы 3,5 пайызды құрайды деп болжанып отыр. Министрдің айтуына қарағанда, бюджет тапшылығының осы деңгейі борыш құралдарымен толық қамтамасыз етіледі. «Қазіргі уақытта бюджетаралық трансферттер мөлшерлерін айқындаудың қолданыстағы әдіснамасын одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Осы әдіснама бекітілгеннен соң, яғни 2010 жылға қарай 2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заң жобасы әзірленетін болады», деді Б. Сұлтанов. Министрдің айтуынша, аталған республикалық бюджет туралы заң жобасы Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерін, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының тұғырнамасын және партияның ХІІ съезінде берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар