2010 жылғы ақпанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшадай табыстары 42344 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың наурызындағы есептеу бойынша жұмыссыздар саны 472,6 мың адамды құрады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Онлайн конференцияда ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,5 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны биылғы жылдың наурызының соңында 53,7 адамды құрады. Немесе экономикалық белсенді халық санының 0,6 пайыз деңгейіндегі үлесіне жетті. Жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың шамамен 0,5 пайызын құрап отыр»,-деді агенттік басшысы.

Ә. Смайыловтың айтуынша, 2010 жылғы ақпанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшадай табыстары 42344 теңгені құрады. 2010 жылғы ақпанмен салыстырғанда өсім атаулы ақшалай табыстар тұрғысында 20 пайызды, нақты ақшалай табыстар бойынша 10,3 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар