2010 жылға арналған респубикалық бюджет шығыстары 3 трлн. 910,6 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -2010 жылға арналған респубикалық бюджет шығыстары ағымдағы жылмен салыстырғанда 17,9 пайызға өсіп 3 трлн. 910,6 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылмен салыстырғанда бюджет шығыстарының 593 млрд. теңгеге ұлғаюы Мемлекет басшысының Жолдауларында айтылған іс-шараларды, атап айтқанда, ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға байланысты болып отыр. Сонымен бірге, 2010 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар мен субвенциялар көлемі «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заңға сәйкес келеді. Тиісінше бұл сома 77,7 млрд. теңгені және 645,4 млрд. теңгені құрайтын болады», деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттерге 2010 жылы 557,2 млрд. теңге, 2011 жылы - 406,4 млрд. теңге, 2012 жылы - 353,1  млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер аударылатын болады. Бұндай трансферттерге күнкөрістің ең төменгі шегінің өсуіне, жаңадан тапсырылатын білім, денсаулық сақтау нысандарын ұстауға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен аз қамтылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төлеуді қамтамасыз етуге арналған шаралар қамтылады.  

Соңғы жаңалықтар