2010 жылдың жоспарланған бюджетіндегі әлеуметтік қамтамасыз етуге шығыстардың өсімі 18 пайызды қарастырып отыр - Ө. Шөкеев

None
None
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылдың жоспарланған бюджетіндегі әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталатын шығыстардың өсімі 18 пайызды қарастырып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП депуттарының республикалық форумында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2007 жылы әлеуметтік қажеттіліктерге 502,4 миллиард теңге бағытталса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 24 пайызға артқан. Ал 2009 тағы да 22 пайызға жоғарылады.

«Жалпы айтқанда республиканың бюджеті әлеуметтік негізделген болып табылады. Осыған байланысты жыл сайын әлеуметтік саладағы шығыстардың үлесі артуда»,- деді Ө. Шөкеев.

Вице-премьердің сөзіне қарағанда, әлеуметтік саладағы шығыстардың үлесі 39,4 пайызды, 2009 жылы 51,9 пайызды, сондай-ақ 2010 53,9 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар