2010 жылдан бері Қазақстанда жалақы бойынша қарыз бес есеге төмендеді - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бері Қазақстанда жалақы бойынша қарыз бес есеге төмендеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Халықаралық адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстелде ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Мемлекеттік органдар мен прокуратура органдарының тарапынан қабылданған шаралардың арқасында проблемалы кәсіпорындарда жалақы бойынша қарыздарды тұрақты түрде төмендетуге қол жеткізілді. 2010 жылдың басынан бері жалақы бойынша берешек 5 еседен астам көрсеткішке төмендеп, қазіргі кезде 5 мың жұмысшы алдында 800 млн. теңгені құрап отыр. Қарыздың елеулі бөлігі банкроттық кезеңінен өтіп жатқан кәсіпорындарға тиесілі»,-деп тоқталды ол.

А. Кравченконың айтуынша, мемлекеттік органдармен бірлесе атқарылған жұмыстар мен кешенді қадамдар нәтижесінде барлық еңбек дауларында құқықтық шешімдер жасалды. Талдауға қарағанда, бұл дау-дамайлардың көпшілігі жалақыны уақтылы төлемеу негізінде орын алуда.

Атап айтқанда, жыл басынан бері қадағалау органдары азаматтардың 100 мыңнан астам еңбек құқықын бұзу фактісінің жолын кесті, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың 2 мыңға жуық актісін енгізді. Азаматтардың еңбек құқығын бұзғаны үшін 3,5 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар