2010 жылдан бастап «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы аясындағы құрылысқа 50 мыңнан астам адам тартылады - Көлік министрі

None
None
күйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылдан бастап елімізде жүзеге асып жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарына 50 мыңнан астам адам тартылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы шеңберіндегі келісімді талқылау барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыруды бастау үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, сондай-ақ  Ислам Даму Банкілерінен қарыз қаражаттары тартылатын болады. Сонымен бірге, осы мақсатта 2009 жылғы республикалық бюджеттен 26 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделініп отыр.

«Жалпы, ағымдағы жылы біз мердігерлерді таңдап алуды және Қызылорда облысының 14 учаскесі мен Жамбыл облысындағы 4 жол учаскесі бойынша құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. 2010 жылдан бастап осы жоба аясындағы құрылыс жұмыстарына 50 мыңнан астам адам тартылатын болады деп болжануда. Ал жобаны толық аяқтау 2012  жылдың соңына белгіленіп отыр. Сондықтан да, аталған алып жоба аясындағы жол құрылысы жұмыстарын қаржыландыру қарыз туралы келісімдердің уақытылы күшіне енуіне байланысты болып табылады», деді министр Ә. Құсайынов.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар