2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның экологиясы мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде

None
None
ыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның экологиясы мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде.

Бұл туралы бүгін Астанада Конституция күні қарсаңына орай аталған ведомствода өткен салтанатты жиында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, бүгінде 2024 жылға дейінгі орнықты даму мақсатындағы Қазақстанның энергиясын және жаңартылатын ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясының жобасы әзірленді.

«Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі әрекетінің ұлттық жоспары» жобасы дайындалып, мүдделі органдармен келісілді. Қазіргі таңда ұлттық жоспар жобасының экологиялық мәселелері 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның экологиясы мемлекеттік бағдарламасында қарастырылуда»,-деді министр.

 Мұнымен қоса, Конституция күніне орай өткен жиында Н. Әшімов ведомстводағы белсенді және жемісті жұмыстары үшін бірқатар қызметкерлерді құрмет грамоталарымен, сондай-ақ алғыс хаттармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар