2009 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру 75,8 миллион тонна көлемінде болады деп күтілуде

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың 9 айында мұнай және газ конденсатын өндіру 56,2 миллион тоннаны құрады.

 Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Ләззат Қиынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бұл көрсеткішті өткен жылдың деңгейімен салыстырсақ, шамамен 107,7 пайызды құрайды», деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 2009 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру 75,8 миллион тонна  көлемінде болады деп күтілуде. Ол былтырға қарағанда 107,3 пайызды құрамақ.

 «9 айдың ішінде 8,7 миллион тонна мұнай өңделді. Оның ішінде бензин - 1 миллион 864 мың тонна, дизель отыны - 2 миллион 852 тонна, мазут - 2 миллион 320 мың тонна, сондай-ақ авиакеросин -250,5 мың тоннаға жетті», деді ол.

 Өңдеуге қатысты қазіргі кезде артта қалу мәселесі орын алып отырғанын, алайда жыл қорытындысы бойынша өткен жылдың деңгейі орындалатынына тоқталған Л. Қиынов, «наурыз-мамыр айларында отынды тұтыну көлемі төмендеп кетті. Ал тамыз айынан бастап көрсеткіштер жоғарылай бастады», деді.

Соңғы жаңалықтар