2009 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімдері 3 510, 3 млрд. теңгені құрады яғни, орындалуы 100,4 пайызға жетті - Қаржы министрі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарыздар түсімін есептемегенде, алдын ала мәліметтер бойынша, 2009 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімдері 3 510, 3 млрд. теңгені құрады яғни, орындалуы 100,4 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан алқа мәжілісінде Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, жоспардың артығымен орындалуы 16 млрд. теңгені құрап отыр. Осы орайда Б. Жәмішев, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий жағдайында жүргізілгенін жеткізді.

«Салық түсімдері 104,8 пайызға орындалып, 2 228,7 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бюджетке 575,4 млрд. теңге аударылды. Осы төлемдер бойынша жылдық болжамды тапсырманы орындау 105,5 пайызды құрады», деді қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар