2009 жылы ҚТЖ компаниясының таза пайдасы 15,7 млрд. теңге болды

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылы Қазақстан теміржолы компаниясының таза пайда көлемі 15,7 млрд. теңге болды. Бұл туралы Астанада өткен алқа мәжілісінде аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, алдын ала жыл қорытындысына қарағанда, негізгі қызметтен 2009 жылғы кіріс көлемі 504 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етілді. 2008 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2 пайызға жоғары. Таза табыс 15,7 млрд. теңге көлемінде қалыптасты.

А. Маминнің сөзіне қарағанда, өткен жылдың екінші тоқсанынан бастап тасымалдау үдерісінде оң өзгерістер қалыптасып, бұл көрсеткіштер жыл соңына дейін жалғасты. Төртінші тоқсанда айлық жүк тасымалдау көрсеткіші 2008 жылғымен деңгейлесті. Осы орайда есепті мерзімде жүк айналымы 195,6 млрд. тонна-шақырымға, тасымалданған жүк көлемі 246,7 млн. тоннаға жеткізілді.

«Қазақстандық жүк жөнелтушілерді ынталандыру мақсатында Ресей, Балтық жағалауы және ТМД елдері бойынша жүктерді транзиттік тасымалдауға базалық ставка төмендетілді», деді А. Мамин.

Соңғы жаңалықтар