2009 жылы кеден органдары арқылы бюджетке кедендік төлемдер мен салық түрінде 575,4 миллиард теңге аударылды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылы кеден органдары арқылы бюджетке кедендік төлемдер мен салық түрінде 575,4 миллиард теңге аударылды. Болжамдық тапсырманы орындау деңгейі 105,5 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, 969 қылмыстық және 10607 әкімшілік іс қозғалған. Осылар бойынша шығынның орнын толтыру көлемі 5,9 миллард теңгені құрады.

«Сонымен қатар есірткі заттарының 173 контрабандалық фактісі анықталды. Тәркіленген есіртікінің салмағы 755,8 киләні құрады. Оның ішінде 117,9 киләсі героин»,-деді.

Соңғы жаңалықтар