2009 жылы Әділет министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру жұмысы тиімді түрде ұйымдастырылмады - Есеп комитеті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің бағалауы бойынша, 2009 жылы Әділет министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру жұмысы тиімді түрде ұйымдастырылмаған. Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Стратегиялық жоспардың бір қатар көрсеткіштері бойынша іс-шараларды іске асыру сапасын арттыру жөніндегі қажетті шаралар жеткіліксіз дәрежеде әзірленді. Жеке көрсеткіштер сандық-сапалық критерийлердің және мақсатты индикаторлардың анықталуынсыз қисынға келтірілді, Әділет министрлігінің құзыретіне қатысы жоқ функцияларға бағытталған және қаржылық қормен талап етілген дәрежеде қамтамасыз етілмеген», делінген баспасөз баянында.

«Халықаралық ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету» бағыты аясында Стратегиялық жоспарда шетелде сот және арбитраждық органдарда Қазақстан Респбликасының мүдделерін қорғау бойынша міндеттер көзделмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартарын сақтауға пәрменді мониторинг және бақылау ұйымдастырылмаған. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту жөніндегі шаралар қолға алынбайды. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі орталықтар мемлекеттік қызметтердің 57 түрінің нақты тек 28 түрін жүзеге асырады. Әкімшілік кедергілерді төмендету және еліміздегі бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі Әділет министрлігінің қабылдаған шешімдерінің тиімділігі шамалы. Нәтижесінде Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің Ғаламдық индексі рейтингінде Стратегиялық жоспардың бес көрсеткіші бойынша Қазақстанның бағытында төмендеу орын алды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі тиісті түрде шешілмейді. Сотталғандарды жеке камералық ұстау жүйесі тиімсіз жолға қойылған. Алматы облысында қатаң тәртіптегі түзету колониясын реконструкциялау барысында 13 нысанның салынбағаны бақылау барысында анықталған.

Есеп комитеті консалтингтік заңгерлік қызмет көрсету, Қазақстан мүдделерін шетелдерде қорғау мен ұсынуға арналып бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған ұйым құруға Үкіметке ұсыныс жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартарын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының сақтауы мониторингі мен бақылау процедураларын регламенттеу қажеттігі көрсетілді. Әділет министрлігіне әкімшілік кедергілерді төмендеуге және елдегі бизнес ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды дайындауға кешенді ықпалды қамтамасыз ету ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар