+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

2009 жылғы халық санағында болған кемшіліктер қайталанбайды - комитет төрағасы

2020 жылғы 13 ақпан 14:41
Бөлісіңіз:
2009 жылғы халық санағында болған кемшіліктер қайталанбайды - комитет төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2009 жылы халық санағында болған кемшіліктер биылғы халық санағында қайталанбайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Барлық министрлік бюджетін ашық жариялай бермейді - депутат Алматы ботаникалық бағы үш айда бюджетке 40 млн теңге кіріс әкелді

«2009 жылы Ұлттық халық санағы кезінде болған қателіктерді ескердік. Биылғы санақ барлық талаптарға сай болады. Біз интервьюерлердің қауіпсіздігі туралы да ойлап, облыстық әкімшіліктермен жұмыс істеп жатырмыз. Кейбір «қиын» аудандарды интервьюерлер учаскелік полициялармен бірге аралайды», - деді Нұрболат Айдапкелов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Ол биыл халық санағы қалай жүретінін айтты.

«Статистика комитетінің азаматтары ешқандай мемлекеттік сатып алу процесіне қатыспайды. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Қаржы минисрлігінің ішінде мемлекеттік сатып алуларға арналған арнайы сайт бар. Сол жерде бүкіл сатып алулар электронды түрде жүргізіледі. Кім ұтып алады, сонымен келісімшартқа отырамыз. Содан кейін әр облыста әкім басқаратын комиссия болады. Оның жанынан Статистика органы тағы комиссия құрып, адамдарды жұмысқа алу мәселесін шешеді», - дейді ол.

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, санақ персоналымен өтеулі қызмет көрсету шарттары жасалады.

«30 күнге қызмет көрсетілген кезде дайындық кезеңінің интервьюеріне (тіркеушіге) көрсетілген қызметтері үшін 75 743 теңге, сондай-ақ негізгі кезең интервьюлеріне (санақтан өткізушіге) 94 678 теңге төлеу жоспарланған. Ал 45 күнге қызмет көрсетілген кезде дайындық және негізгі кезеңдердің нұсқаушы-бақылаушысына көрсетілген қызметтері үшін 113 614 теңге ақы төленбек», - дейді Нұрболат Айдапкелов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT